Бүгін қаламыздағы №95 жалпы орта мектебіне директор тағайындалды. Қала әкімінің қатысуымен өткен конкурста сыннан сүрінбей өткен Айман Қамбарованы Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі орынтағына апарып отырғызып, ұжыммен таныстырды. Аталған мектепте 15 жыл директор орынбасары болып еңбек еткен Айман Қамбарова жергілікті кадр. Білім ұясының бар тыныс — тіршілігіне қанық. Бала білімі мен тәрбиесіне ерекше ден қоямын деген жаңа басшы мектептің мерейін үстем етемін деп қала әкімі алдында уәде берді. Естеріңізде болса, Шымкентке әкім болып келген Ғабидолла Әбдірахымов білім саласында бірқатар өзгерістердің орын алатындығын мәлімдеген болатын. Жаңашылдықтың бірі ретінде мектеп директорларын тағайындауды арнайы конкурс арқылы өткізіп және де сол сынға өзі төрағалық ететіндігін айтқан еді. Ал, бүгінгі тағайындау сол жаңашылдықтың алғашқы жемісі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ СNNC КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған...