Барша мұсылман қауымына ортақ мерейлі күн, ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мейрамын Оңүстік жұртшылығы зор қуанышпен, игі амалдармен қарсы алды. Бұл күні ерте тұрып, тазалыққа баса мән беру, сондай-ақ, айт намазын көпшілік қауыммен бір сапта тұрып оқу Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеті саналады. Осы мақсатта Алла үйіне ағылған ағайын мұсылмандық парызын өтеп, құрбандық шалады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, облыстың орталық мешітінде қазақи киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫС КУРСЫ
Шымкентте нәзік жандылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты семинар-тренинг өтті. Мұнда қатысушылар өзін физикалық қауіптен қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгеріп, дағдарыс...