Барша мұсылман қауымына ортақ мерейлі күн, ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мейрамын Оңүстік жұртшылығы зор қуанышпен, игі амалдармен қарсы алды. Бұл күні ерте тұрып, тазалыққа баса мән беру, сондай-ақ, айт намазын көпшілік қауыммен бір сапта тұрып оқу Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеті саналады. Осы мақсатта Алла үйіне ағылған ағайын мұсылмандық парызын өтеп, құрбандық шалады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, облыстың орталық мешітінде қазақи киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...










