Таяуда, Маңғыстау облысында өткен «Орталық-2015» оқу-жаттығу кезінде төрт әскери қызметші суға кетіп, қаза тапты. Бейбіт күнде сарбаздардан айырған Ақтау қаласындағы қайғылы жағдай барша отандастарымыздың қабырғасын қайыстырғаны рас. Қайтыс болған сарбаздардың бірі Бауыржан Жолдыбай — біздің жерлесіміз еді. Жастығына қарамай, жауынгер әскери борышын өтеу кезінде қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиетін таныта білді. Бірер күн бұрын Б.Жолдыбайдың денесі Шымкентке әкелініп, жер қойнына тапсырылды. Жауынгердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын-деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов 21 қыркүйек күні облыс әкімдігінде өткен республикалық семинар-кеңесте. Айта кетейік, Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлы 1996 жылы Шымкент қаласында туылған. Өткен жылы мектеп бітіріп, күзде отан алдындағы борышын өтеу үшін əскерге аттанған. Антына адал болып, ақ ажал құшқан жас жігіттің артында әкесі, анасы мен ағасы қалды.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...