Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі Ақтаудағы әскери оқу-жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың отбасына көңіл айтты
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі Ақтаудағы әскери оқу-жаттығу барысында қаза тапқан сарбаздардың отбасына көңіл айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.09.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Таяуда, Маңғыстау облысында өткен «Орталық-2015» оқу-жаттығу кезінде төрт әскери қызметші суға кетіп, қаза тапты. Бейбіт күнде сарбаздардан айырған Ақтау қаласындағы қайғылы жағдай барша отандастарымыздың қабырғасын қайыстырғаны рас. Қайтыс болған сарбаздардың бірі Бауыржан Жолдыбай  — біздің жерлесіміз еді. Жастығына қарамай, жауынгер әскери борышын өтеу кезінде қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиетін таныта білді. Бірер күн бұрын Б.Жолдыбайдың денесі Шымкентке әкелініп, жер қойнына тапсырылды. Жауынгердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын-деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов 21 қыркүйек күні облыс әкімдігінде өткен республикалық семинар-кеңесте. Айта кетейік, Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлы 1996 жылы Шымкент қаласында туылған. Өткен жылы мектеп бітіріп, күзде отан алдындағы борышын өтеу үшін əскерге аттанған. Антына адал болып, ақ ажал құшқан жас жігіттің артында әкесі, анасы мен ағасы қалды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.