Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Аналар кеңесінің төрайымы сайланды. Өңірдегі нәзік жандылардың басын қосып, ынтымағын арттыратын қоғамдық ұйымды енді ОҚО мәслихатының депутаты Рәшкүл Оспанәлиева басқаратын болады. Осыған дейін қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген халық қалаулысы өзіне артылған міндетті аса жауапкершілікпен атқармақ ниетте. Мұнан бөлек басқосуда облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Халмұратов Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастыру және өткізу бойынша тиісті қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жауапты қызметкерлерімен дайындық жұмыстарын пысықтады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...









