Теңге бағамы еркін айналымға шықса да, мемлекет халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сақтап қала береді. Яғни халық күнделікті тұтынатын отандық өнімдердің бағасы тұрақты түрде сақталып, қолжетімді болуы үшін бар жағдай жасалынып отыр. Мәселен, біздің өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылып, өз жұмысын бастағалы қашан. 4 бірдей жұмыс тобы ірі базарлардың сауда орындарының және дәріханалардың басшыларымен мәжіліс өткізіп, бағаны негізсіз көтермеу үшін 458 меморандумға қол қойыпты. Ал, халық тұтынатын заттардың бағасының шарықтауына жол бермеу үшін мониторингті күшейту мақсатында аудан, қалаларда мобильдік топтар құрылып, сауда орындарындағы жағдайды бақылуда ұстайтын болады. Егер де сауда орталықтарында бағаның өсуін байқасаңыз штаб мүшелерін хабар берсеңіз болғаны. Қалтаның қамын күйттеп, мұндай әрекетке барған азаматтар жазасыз қалмақ емес. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев журналистермен өткен басқосуда мәлім етті.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет...