«Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде қарапайым халықтың мәселелерін нақты шешудің тетіктерін қолға алмақ. Ол үшін бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелелерінің жұмысын және партия фракцияларының іс-қимылын күшейтуге баса назар аударылады. Сонымен қатар, саяси ұйым жастар саясаты мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, оларға қолдауды арттырмақ. Бұл туралы 25 — тамызда Астанада Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен алғашқы селекторлық кеңесте айтылды. Кеңейтілген жиынға партия хатшылары, Мәжіліс депутаттары және орталық аппарат жетекшілері мен облыстық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты. Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындаудың жоспары селекторлық кеңесте айқындалып, партия төрағасының бірінші орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды тиянақты жүзеге асыру үшін жаңа, әрі нақты міндеттерді белгіледі. Жиында партияның алдағы уақытта ең алдымен бюджеттің тарапынан атқарылып жатқан бағдарламаларға баса назар аударатыны айтылды. Сондай-ақ, алда тұрған тағы бір маңызды міндет қоғамдық қабылдау бөлмелерінің белсенділігін арттыру мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын сапалы әрі жаңа деңгейге көтеру. Тағы бір басым бағыт — жастар саясаты болмақ.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...