• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Абай еліне барғанда…

03.08.2015
0

[image_slider]
[image_items link=»LINK_IMAGE» source=»IMAGE_SOURCE»] Description [/image_items]
[image_items link=»LINK_IMAGE» source=»IMAGE_SOURCE»] Description [/image_items]
[image_items link=»LINK_IMAGE» source=»IMAGE_SOURCE»] Description [/image_items]
[/image_slider][image_slider]

7l2xA4pUqiY17t96FGVrWx9PE4sFV4

Кемді күн, қызықты дәурен тату өткіз,

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату бол, шын көңілмен

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз…   

          Абай

 

Абай сынды  ұлы ақын – халықтың  ішкі жігер-қайратының жанар таудай алапат күшпен бұлқынған  сәтінде,  ғасырларда бір туатын  тұлға.  Сол себепті  оның  өмір  үлгісі   мен жырлары халық  тірлігінің  арғы-бергі  тарихымен  терең  тамырласып,  барша болмысымен астасып кетеді. 170 жылдық мерейтой  аясында алғашқылардың бірі болып  ұлы  ақынның туған жеріне сапар шеккен оңтүстікқазақстандық  делегацияны   облыстық  мәслихаттың депутаты  Дулат Әбіш бастап жолға шықтық. Топ құрамында  жазушы Серік Жанәбіл, Бәйдібек аудандық  мәслихатының депутаты  Абзал Әділбеков, Байменов орта мектебінің  басшысы Сәлкен Жорабеков,  Жамбыл облысынан  Серік  Баймұратов сынды азаматтар бар. Бір жұмаға  жоспарланған сапарымыздың алғашқы  күні  Төле би  Әлібекұлындай  тарихи тұлғаларды өмірге  әкелген  Шу топырағына келіп жеттік.

 

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы – мұңға жуық.        Абай

 

Мыңдаған  шақырымдарды  еңсеруге  бет алған  біздер үзіліссіз  жүре отырып жол бойы небір ел   тарихында елеулі орны бар мекендерді тамашаладық. Әсіресе,  ұшы-қиыры жоқ сайын далаға қарап,  «Асың барда беріп жүріп ел таны, Атың барда  желіп жүріп жер таны»  дейтін даналық  сөздердің мағынасын жете түсінеді екенсің. Астана-Шымкент бағытындағы  күре жол бойында  Әбілхайыр  ханның ордасына айналған қатпарлы  Хантауы   мен  суы тұнық  Балқаш  көлін   артта қалдырып,   Қарағанды қаласына жетуді   мақсат еттік.

 

Ойға алғанымыздай, күн бата  облыс орталығы   Қарағанды қаласына   да  келіп жеттік.  Сапарымыздың  3-ші күнін осы өңірдегі Абай есімімен аталатын  ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды бағдарламаға енгізіп, «Қарағанды» қонақ үйіне жайғастық.

 

Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы  біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.          Абай

 

Оңтүстікқазақстаннан келген  делегацияны  аудан  басшылығы, жергілікті  тілшілер қауымы  құшақ жая  қарсы алып, қазақ  халқының  бас ақыны Абайдың  атымен аталатын қаланың  60 жылдық тарихымен  хабардар етті.

 

Абай қаласында   ақынның  әдеби мемориалдық  музейі  1980 жылғы  мамыр айында ашылған.  Бұл айтулы оқиға   ұлы ойшылдың 135 жылдық  мерейтойымен  тұспа-тұс келген.   «Абай Құнанбаевтың  өмірі  және  қоғамдық қызметі», « Шығармашылығы», «Ақын және қазіргі кезең» атты 3 көрме залынан тұратын  мұражай құнды  фотосуреттер мен  оқулықтарға  толы.

Абай  ауданының  мәдениет саласында  еңбек ететін  қызметкерлер   шетінен ақын  шығармашылығын  дәріптеушілер.  Солардың бірі -Боташ Ноғаева. Сарыарқаның 200-ге жуық  әндерін тамылжыта орындайтын  әнші: «Абай  әуендері жаныма ерекше жақын» дейді.

Кітап – баға жетпес құнды жәдігер. Сондықтан да бұл жолы облыстық  мәслихаттың депутаты Дулат Назарбекұлы облыс үшін маңызы  жоғары 3 бірдей кітапты  мұражай директоры Тілеуғазы Әбішевке  табыс етті. Мұнан соң  қала орталығында орналасқан  Абай ескерткішіне тағзым жасадық.

Қарағанды облысына қарасты  Абай қаласының тыныс-тіршілігімен танысқаннан соң  қасиетті Қарқаралы ауданына жол тарттық. Облыс орталығы Қарағандыдан  шамамен  200 шақырым қашықтықта жатқан  мекен талай даналар мен даралардың, оқымыстылардың өмір сүрген ортасы  ретінде ел тарихында елеулі орын алады әрі Абай өмірімен де тығыз байланысты. Ұлы ақынның нағашы жұрты-ақынның асыл анасы  Ұлжанның туып-өскен өлкесіне  жол тарттық.

Дүние – үлкен көл,

Заман – соққан жел,

Алдыңғы толқын ағалар,

Кейінгі толқын інілер.                   Абай

 

Түс ауа  тарихи мекен Қарқаралының өзіне де  келіп жеттік. Әдетте қолдан қалап қойғандай  қатпар-қатпар тастарымен,  биік-биік  қарағайларымен танымал өлке кім-кімді болсын  тамсандырмай  қоймайды. Аудан әкімінің орынбасары  Сайлау Әлиұлы мен мәдениет бөлімінің басшысы  Раушан Жылтыбаевалар оңтүстікқазақстандықтарды  қала қақпасынан арнайы күтіп алып, қонақжайлылық көрсетті.

DSC_1306

Кезінде Қарқаралы  Семей облысының  құрамындағы уездік қала болған.  Абайдың  әкесі Құнанбай  Өскенбайұлы  ат жалын тартып мінісімен,  ата жолын қуып, шағын ауылдың  старшинасы, Тобықты елінің танымал  болысы, кең атырапты   Қарқаралы  дуанын  басқаратын аға  сұлтан ретінде қазақ даласының беделді де білікті басшыларының бірі болған. Әсіресе  1849-1853 жылдар аралағында  Қарқаралы округіндегі  аға сұлтан қызметінде жүргенде қара қылды қақ жарар  әділдігімен, қайсар мінезімен  танылады.  1851 жылы Құнанбай қажы 47 жасқа келген шағында Қарқаралыда  көк  күмбезді  мешіт салдырады. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында бұл Алла үйін    көркем де  тартымды сипаттап береді.

Кешегі кеңес  дәуірінде  бұл ғимарат өз қызметін тоқтатып, соңғы  жылдары  мүлдем қаңырап бос қалады.  Тек, 1989 жылы  сол кездегі  Респбулика  басшыларының қамқорлығының  арқасында мешіт қаз-қалпына келтіріліп, 1992 жылдан бастап «Құнанбай  қажы  мешіті» деген ресми атқа ие болады. Жұмыс сапарымыздың 4-ші күнін осы Құнанбай қажы мешітінен бастадық. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, қолға алған жобамыздың бұл күні қасиетті ораза айының ең қадірлі  мезеті — Қасиетті  қадір түніне  енер тәулікке сәйкес келді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.   Абай

 

Көпес Бекметовтың бұл үйі -уақыт өте келе тозығы  жетіп, кейіннен өңделіп, қалпына келтіріледі.  Жөнделген  соң  түрленіп,  әсем  қалпына  енген бұл  ғимарат та   тарихи-мәдени, сәулет  ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған. Бүгінде қалада  осы  секілді  Абай заманынан сыр шертер баспаналар  әлі күнге дейін кездеседі.  Тарихы  Абай өмірімен тығыз байланыста болған  Қарқаралыдағы  жәдігерлермен танысқаннан кейін  Семей қаласына беттедік. Қарқаралы-Қарауыл бағытындағы  жол бойы  сан ғасырлық ғұмыры бар көне бейіттер мен кесенелердің жанынан өттік.

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,

Өлсең де өлмегенмен боласың тең.    Абай

 

Ұлы Абай —   телегей теңіз, тұңғиық мұхит, түбіне  көз түгіл, ой жетпес биік аспан, жеті қат ғарыш, ел үшін сарқылмас бақыт. Абайдай дара ойшылдың  туған еліне барар жолда біз тастақ  жолдармен,  елсіз  мекендермен, аптап ыстықта   500 шақырымды, «Абай жолында» сан мәрте аты аталатын Абралы, Дегелең елдімекендерін  артқа тастап,  8 сағаттан соң әзер дегенде Қарауылға жеттік.   Абай ауданының  орталығы саналатын бұл елді мекен  Семей қаласынан 182 шақырым қашықтықта жатыр.

Семей қаласына келген соң құрылғанына бүгінде  75 жыл толып отырған Хакім Абайдың  мемлекеттік  тарихи-мәдени, әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына бардық.    Дархан  көңілі мен  ыстық ілтипатын білдірген қала басшылары бізді  жылы қарсы алды.   Әуелі  оңтүстіктен  барған  топ  мұражай  ауласындағы  ақын  ескерткішіне  гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Адамның  адамшылдығы  істі  басғандығынан  білінеді,  қалайша  бітіргендігінен емес.         Абай

КСМ: Абайдың бойына  ақындық, сазгерлік,  аудармашалық  сынды  таланттың сан түрін дарытқан  Семей  топырағы  расында киелі. Олай дейтініміз,  Абай заманынан  соң  бұл өлкеде  Шәкәрім,  Мұхтар сынды  әдебиет  әлеміндегі алыптар дүние есігін ашты.  Одан кейінгі кезеңде :«Алаш» туы астында:

Куә болсын арымыз!

Көркейтуге Алашты-

Құрбандық біздің  жанымыз!

Жасасын, Алаш жасасын!» деп ұран салған   Алаштықтарға да пана болған осы  шежірелі қала Семей еді.  Сол себептен де біз келесі  түсірілім жұмыстарын  Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайында жалғастырдық. Екі қабаттан тұратын  бұл көне  ғимаратты  Абай ақын ұлдары Мағауия, Кәкітай, Ғабдолланың ақыл-кеңесімен  шәкірті Әнияр Молдабаевқа тарту етеді. 1997 жылы  мұражай болып ес ігін айқара ашқан  мекеме  Әуезов  әлемінен  кеңінен сыр шертеді.

 

Қайратсыз  ашу – тұл,

Тұрлаусыз ғашық – тұл,

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.                 Абай

 

DSC_0745

КСМ: Семей қаласындағы  ең бір тарихи  орын –   «Алаштың білім ордасы» атанған   Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж.  Әуелде  Семей мұғалімдер  семинариясы, кейін педагогикалық техникум, училище атанған, бүгінгі күні ұлы жазушының есімін иеленеген білім ошағында небір  марғасқалар білім алған. Әуезовтен бастап, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Шәкен Айманов, Әди Шәріпов, Әзілхан Нұршайықов сынды  ел тәуелсіздігі жолында бүкіл саналы  ғұмырын арнаған  алғашқылар да  дәл осы шаңырақтан түлеп ұшқан.

Асқар таудай  заңғар биік тұлғалар білім алған шаңырақтың  шәкірттері   терең терең тарихқа қарап сап түзеп  келеді. Бір жарымға жуық студенті бар, оқу кабинеттері толықтай   заманауи үлгіде  жабдықталған  колледжде әр жылғы түлектер өмірінен сыр шертер арнайы мұражай  бар.

Оңтүстіктен барған делегация кітапханының қорын  молайту мақсатында   мектеп басшысына Оңалбай  Аяшевтың  «Елбасы сүйген Оңтүстік» және Отан соғысындағы майдангерлер жайлы  «Естелік»  кітаптарды   тарту етті.

Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара  артық.

Сақалын  сатқан кәріден , еңбегін  сатқан бала артық.   Абай

 

 

Дүниеде  жалғыз қалған адам —  адамның  өлгені. Қапашылдықтың  бәрі  соның  басында.  Дүниеде  бар жаман да көпте, бірақ  қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?    Абай   Отыз сегізінші қара сөз

Семей өңіріндегі іс сапар кезінде Ұлы ақынның  бүгінгі ұрпақтары жайлы сұрастырған біз  шежіреші қарт Молдабек Жанболат атамызды кездестірдік. Көпшілік қарияның сырт келбетін Хакім Абайға ұқсаттық. Қаланың   Абай өмірімен  байланысты жерлерін аралап, танысқан соң   қаладан шығып, «Абай жолы» деп аталатын  күре жолға түстік. Бұл жолдың  «Абай жолы» деп аталуы да тегін емес. Мұхтар Әуезовтың 4 томдық роман-эпопеясындағы оқиғаларды көз алдыңа әкелетін  елдімекендер  осы жолдың бойында орналасқан.   Абайдың тікелей  ұрпағы  саналатын  Молдабек  қарияны  жолсерік етіп алып,  жол-жөнекей  сырлы сұхбат жүргіздік.  Шежіреші қарт шынайы  өмірде болған   жайттар мен шығармадағы  жазушының қиялынан туындаған оқиғаларға тоқталды.

DSC_0573

Ең бірінші аялдаған  жеріміз   Семей қаласынан 82 шақырым қашықтықта жатқан, Мұхтар Әуезовтың  кіндік  қаны тамған ауылы болды.  Ауыл- ел құлағына ұғынықты, қазақ  ұғымының  сөз төркіні бойынша:  бөрісі мен  қасқыры қалың деген мағынада Бөрілі деп аталып кеткен.

Расында  Әуезов дүниежүзіне  Абайды ғана танытқан жоқ.  Күллі қазақ  топырағының  киесін, қадір-қасиетін,  тарихын шебер суреттеді.  Өткен ғасырдағы  әлем  әдебиетінің  майталмандары да жоғары бағасын беріп, қазақ халқының тектілігін ұқты.

Әуезовтың  кең де  көркем таланты  бізге  ауыл мен даланың  әлі ешкім  суреттеп бермеген  мол картиналарын көруге  мүмкіндік берді. Абайдың өміріне, оның  қасірет-қайғысына, үміттер мен  ойларына  ортақтастырғаны  соншалық,  Абай біздің  жүрегімізде  үлкен орын алды және ол орынды  енді  ешкім  де тартып  ала алмайды.  Николай Тихонов.

Мұхтар Әуезовтің тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Қазақ халқының ұлы арысы, кемеңгер ақын Абай, сүйікті сұлулар Тоғжан мен Әйгерім, Абайдың мейірімді әрі батыл достары енді менің де  жақсы білетін адамдарым. Мен бұл кейіпкерлердің бәрін де ерекше  сүйіп кеттім. Шынында , бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! 

Мұхтар Әуезов   сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің  өзіндей,  трихтың көзіндей, жапырағы  мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс. Ал, Бөрілі — Әуез әулетінің  атақонысы. Қаламгердің  туып-өскен шаңырағы -бүгінде  мұражай. Кезінде бұл шаңырақта Абай сан рет қонақ болған.

Мұхтар Әуезовтың  әкесі  Омархан мен анасы Нұржамалға арналып Бөріліден бүгінде  күмбезі  көк тіреген  кесене тұрғызылған. Әлем таныған  қаламгерді  өмірге  әкеліп, тәрбиелеп  өсірген жандар туралы  Молдабек ақсақал былайша әңгімелеп берді.

Туғанда  дүние  есігін  ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына  кірер денең…            Абай

 

Бұлақ көздері әр маңайда бүлкілдеп шығып жатқандықтан  «Қасқабұлақ» атанған киелі мекенде 1845 жылы  10 тамызда   Абайдың кіндік қаны тамған.    Міне, дәл осы жерді жыл сайын- көктем мен  күзде Құнанбай ауылы  жайлаған көрінеді.  Дәл қазіргі кезде  қыр басындағы қара тасқа: «Бұл жерде, аға сұлтан Құнанбай  ауылында қазақтың  данышпан ақыны  Абай  дүниеге келген»- деген сөздер  қашалып жазылған.

 DSC_1044

 

Көп жасамай  көк орған,

Жарасы  үлкен жас өлім.

Бұл дана Абайдың  Еңлік пен Кебектей  қос ғашықтың  аяусыз тағдырына  арнаған  жыр жолдары. Аң қуып, боранда адасқан Кебек  Қаражартастың  түбінде  тақпақ тастарды  ақтап  отырғанда киіз  үйдегі  Еңлікке кез келіп, құлай ғашық болады.  Бірін-бірі  сүйгені үшін  қуғынға ұшыраған  Еңлік пен Кебек осы маңайдағы  үңгірге жасырынады.  Алайда жауыздар Ералы бойында  оларды атпен сүйреп  өлтірген. Көзбен көріп,  ішпен білетұғын ұлы сезімді қадір тұтқан Мұхтар Әуезов  ең алғашқы рет 1917 жылы 7 маусым күні  «Еңлік-Кебек» пьесасын Ойқұдық жайлауында, Әйгерімнің киіз үйінде қояды.   Бұл күнде олардың басына  орнатылған  ескерткіш-бейітке халық жиі келіп, тағзым жасайды.

 

 

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл..    Абай 

 

Стендап (Әйгерім бұлағы)

Жидебай- Қарауыл өзенінің жайылымында  жатқан  қалың қорық, шұрайлы жер. Құнанбай әулетінің мекендеген қыстауы. Бұл-Абай өмірінің  соңғы  он жылы өткен мекен. Еуразияның кіндігі.    Ұлы ойшылдың  тұрған баспанасы  ақынның туылғанына 100 жыл толуына орай мұражайға айналған.  Мұнда ақынның өзі, отбасы тұтынған, пайдаланған мүліктері бар.

Абайдың дана атануында анасы Ұлжан мен әжесі  Зеренің тәрбиесі, өнегесі мол болған. Құнанбайдың  әкесі Өскенбайдың  бәйбішесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өзгелерден артық көріп,  қойнына алып, еркелете-еркіндете  өсірген  ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді  Зере   немересі Ибраһимге  Абай деген аяулы атты қояды. Ал анасы Ұлжан Абайды  Телғара деп атаған. Бала Абай өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста,  тапқыр, сөзге шешен  анасының  осындай асыл қасиеттерін  жастайынан бойына сіңіріп өседі. Зере әже көз жұмған соң 1873 жылы баласы  Құнанбайдың  ұйғаруымен  Жидебайдағы  қыстауының қасына жерлеген. Абай  ауылының  азаматтары  1986 жылы қабір  айналасын  қайтадан  жөнге келтіріп, ана бейітінің басына  Шығыс үлгісімен алты қырлы  мазар орнатқан.

Абай — алып дария. Алып дарияны зерттеп білмей, болжаммен  тәуекел деп айдынына  қайық  салсаң, не қапы кетуің мүмкін, не  алапат толқынға төтеп беріп,  биіктен көрінуің ғажап емес.

Адамзатты бауырым деп сүйіп, жалынды жырларын, қасиетті қара сөздерін қалдырған ұлы Абайдың жүрегі  1904 жылы  осы Жидебай жерінде мәңгілікке  тоқтайды. Інісі  Оспанның қасына жерленеді.  1995 жылы алыстан ақ кемедей  көз тартатын   алып кешен тұрғызылып,  «Абай-Шәкәрім»  деп аталады. Биіктігі 36,5 метрді  құрайтын екі биік мұнара желкен іспетті көрінеді.

Абай  халықтың жан дүниесіне қажеттіні жырға қосты. Ел жүрегінің әуезін әнге арқау етті. Абайдың  қазақ музыка мәдениетіндегі  жаңашылдығы -бір төбе. Ұлылығын  поэзиясы – өлеңдері  ғана емес, философияға тұнып  тұрған  қарасөздері  де танытады.  Мыңдаған шақырымдарды артқа тастап, Абайдың   жаны мәңгілікке  тыныш тапқан жерге келген оңтүстікқазақстандық  делегация  ақын рухына арнап құран бағыштады.

Ақынның сүйікті жары  Әйгерімнен туылған  ұл Тұрағұл  1934 жылы  Шымкент қаласында  қайтыс болады. Сапарға шықпас бұрын  асылдың сынығына арнап  облыс имамы  Ахметжан қажы Керімбек  арнайы құран сүрелерін  түсірді. Шымкенттегі Абай саябағында орнатылған   ескерткіш маңынан  әкелінген бір уыс  топырақ  әке рухына арнап салынған кешеннің кіре берісіне қойылды. Бұл  қасиетті рамазан айында атқарылған сауапты істердің бірі екені анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

АЛМАТЫДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНДЕ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ ӨТТІ

АЛМАТЫДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНДЕ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.03.2025
0

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен ұлттық «Наурыз мейрамына» орай ұйымдастырылды. Форум түркітілдес халықтардың...

МӘЖІЛІС ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРЕТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

МӘЖІЛІС ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРЕТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

Айғақ медиа
19.12.2024
0

 Мәжілістің жалпы отырысында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы мақұлданды.    Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық Экономика министрі Нұрлан...

ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛМЕК

ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛМЕК

Айғақ медиа
19.12.2024
0

  Мәжілісте Түркістан қаласына қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр,Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасының...

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕН 100 МЕТР РАДИУСТА БИІК ҒИМАРАТ САЛУҒА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕН 100 МЕТР РАДИУСТА БИІК ҒИМАРАТ САЛУҒА ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
19.12.2024
0

  Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық Экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасын әзірлеген кезде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты елдердің тәжірибесі...

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.12.2024
0

      Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.