Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» футбол клубы «Мариборды» 3:1 есебімен жеңді. Бұл командалар арасындағы жауаптық кездесу болатын. Бұған дейін елордалық клуб Словенияда алаң иелеріне 1:0 есебімен жол берген. Бүгін, міне, кеткен еселерін қайтарып, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алып отыр. Жерлестеріміздің сапынан Бауыржан Жолшиев, Рохер Каньяс және Патрик Твумаси мергендігімен танылса, ал қонақтар қатарында Александр Райчевич қақпамызды дәл көздеді. Авторы: М.Асылбек
ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл чемпионатта 14 мемлекеттен 60 спортшы...