Қазір азаматтардың көпшілігінде белсіздіктің белгілері байқалады. Әсіресе мұнай-газ және түсті металлургия саласында еңбек ететін ерлердің денсаулығы жиі сыр береді екен. Созылмалы простатитке шалдыққандардың саны да көбейіп отыр. Мәселен Маңғыстау облысындағы ерлердің 54%-ы осы аурумен сырқаттанады. Бұл өзге өңірлермен салыстырғанда, жоғары көрсеткіш, — дейді мамандар. Ақтауда өтіп жатқан «Ерлер денсаулығы мектебі» конференциясында уролог, терапевт, кардиологтар мен эндокринологтар біліктілігін арттырып, науқастар дәрігерлерден кеңес алуға мүмкіндік алды Мырзакәрім Алшынбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас урологы: — Ер адамдар денсаулығына салғырт қарайды. Әйелдермен салыстырғанда, олар дәрігерге үш есе аз көрінеді. Соның салдарынан сырқаттың алдын алу мүмкіндігі де кемиді. Біз қазір «Ерлер денсаулығы» жобасының үшінші кезеңін аяқтап қалдық. Енді 2016-2020 жылдарды қамтитын мемлекеттік бағдарламаны қолға алу қажет. Бүгінгі таңда ерлер денсаулығын сақтап, жыныстық аурулардың алдыналу мәселесіне көп көңіл бөлуге тиіспіз.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі өтті. Кездесу барысында бірлескен...