Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресми танылған қытайдың дәстүрлі медицинасының ішінде қазақ халқының ертеден келе жатқан ем-домы да қолданылады. Келешекте Қазақстанда да халықтық медицинаны сапалы деңгейге көтеріп, дамытамыз, – дейді Бейжіңде Қытай медицинасын оқып жатқан қазақстандық студенттер. Мысалы әлем мойындаған шығыс медицинасы да суық тигенде, қойдың еті мен майы, сорпасын ұсынады. «Қой еті – қорғасын» деп танитын қазақ мұны ежелден білген. Бүгінде Бейжіңдегі Қытайдың дәстүрлі медицинасы Университетінде 36 қазақстандық студент білім алып жатыр. Соның бірі 3-ші курстағы Арай Кәмілжанқызы. Ол өз күшімен Қытай Үкіметінің степендиясын ұтып алған, әйтпесе бұл оқу орынында ақылы білім алу өте қымбат саналады. Арай шығыс медицинасының қыр сырын жетік меңгерген соң Қазақстанда шынайы сапалы деңгейде қызмет көрсететін орталық ашуды армандайды. Өйткені дархан даламызда дәрілік шөптер өте көп, бірақ қадірін біле бермейміз. Арай Кәмілжанқызы, Қытай медицинасы Университетінің 3-ші курс студенті: — Мысалы қызылмия сияқты Қазақстанда неше түрлі емдік дәрілер бар, бірақ біз олардың қадірін білмейміз. Оларды қолданбаймыз, пайдаланбаймыз. Осында оқып жатқан себебіміздің де бірі қытай медицинасын үйрене отырып, елге оралып өзіміздің қазақ медицинасын көтеру. Қытай төл медицинасын дамытуды 1980 жылдары бастады Елдегі 56 ұлттың соның ішінде қазақ, моңғол, кәріс сияқты халықтардың дәстүрлі медицинасын мемлекет тапсырмасымен терең зерттеді. Ертеден дәрілік қасиеті бар шөптердің шежірелері жазылған еңбектерді жинақтады. Бүгінде Қытайдың дәстүрлі ем-домын әлем мойындайды. Ал профессор Тао Сяоянь қазақтар көп жейтін қой етінің де қасиеті ертедегі жазбаларда бар дейді. Тао Сяоянь, Бейжің Қытай медицинасы акупунктура кафедрасының аға профессоры: — Қой еті қытай медицинасындада дәрілік тағам ретінде кеңінен қолданылады, көбіне суық тиіп сырқаттанғандарға ұсынылады. Аяқ-қолдың мұздауы кезінде әсіресе, қыс мезгілдерінде қой етін басқа да дәрілік шөптермен қабылдауға кеңес береміз. Қытайдың Хань династиясында өмір сүрген Жаң Жоңжиң жазбаларында қой сорпасының қасиеті туралы айтылады. Ал мұны білген бабамыз бұрыннан «қой еті қорғасын» деп кеткен. Сонымен қатар бүгінде Қытайда «Алтай аймақтық қазақ медицинасы клиникалық емханасы жұмыс істейді. Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі өтті. Кездесу барысында бірлескен...