Шымкентте дезинфекция жұмыстары күшейтілді, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Бұған дейін еліміздің үшінші мегаполисінде коронавирус жұқтырудың 2 фактісі анықталса, жалпы көрсеткіш 109-ға жетті. Қауіпті індеттің алдын алу үшін төтенше жағдайлар жарияланып, қазіргі таңда тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес берілуде. Сол уақыттан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короновирустың таралуын алдын алу бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.
Ал, дезинфекция жұмыстарын күшейткен Шымкент қаласының әкімдігі күні кеше әскерилердің күшімен ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды залалсыздандырса, бүгін ауыр жүк көліктерімен көшелерді санитарлық тазалауға кірісті. Мегаполистегі 125 көшеге 20 бағыт бойынша 22 техника жұмылдырылып, дезинфекция барысында 208 шақырым қамтылатын болады. Бұл тізімге аялдамаларды залалсыздандыру да енгізілген.