Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы басымдықтар шеңберінде «Поэзия бұрышы» ашылды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі. Алдын ала Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, «Поэзия бұрышы» Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналған делінген болатын. Кейіннен белгілі болғандай, ақын Ұ.Есдәулет салтанатты шараның алғашқы, мәртебелі қонағы болып шықты. Сонымен, бұл жиын өлеңмен өрнек тоқыған қазақ ақындарының құрметіне орай ашылыпты. Тиісінше, «Мәртебелі поэзия мінбері» атты апталыққа орай ұйымдастырылған.
ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ
Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...















