Бүгін Отырар кітапханасында «Жалын» журналының 50 жылдығы аталып өтті. Атаулы мерейтой аясында белгілі ақын Мұхтар Шахановтың жаңа кітабының тұсауы кесілді.
«Заблуждение цивилизации» атты жаңа кітап Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың демеушілігімен жарық көріп отыр.
Мұхтар Шахановпен өткен тұсаукесер кешінде ақынның өлеңдері оқылып, оқырмандар рухани туындылармен сусындады.
Айта кету керек,
жарты ғасырлық ғұмырында «Жалын» журналы қазақ әдебиет әлемінің негізгі басылымына айналды.Өтебай Қанахин, Шерхан Мұртаза, Тұманбай Молдағалиев, Мереке Құлкенов, Құдияр Біләл және Мұхтар Шаханов сынды қаламгерлер бас редакторлық еткен журнал түркі әлеміне ортақ тұлғалардың үздік шығармалары жарық көрген басылым.