Бүгінде кәсіпкер болуға ниеті бар жастарға түрлі бағдарламалар ұсынылыпкеледі. Солардың біреу «Жас кәсіпкер» жобасы. Бұл жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ТӨРТІНШІ бағыты негізінде жүзеге асырылып келеді.
Мәселен, аталған жоба бойынша Шымкент қаласында 1400 орын бөлінген. Оқуға үміт артып 1497 жас өтініш білдірген. Бүгінгі таңға нақты 1405 азамат оқуын тәмамдап, бағдарлама шеңберінде оқығаны жөнінде куәліктерін алған.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...