Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығының мамандары мен жас кәсіпкерлер үшін іс-тәжірибелік семинар өтті. Шараны ұйымдастырған Атамекент ұлттық кәсіпкерлер палатасы 100-ге жуық жас маманды семинарға арнайы шақыртқан. Семинарға шет елдік мамандар да келді.
«Александрвский сад» ЖШС — нің директоры Бақтияр Тағаев шараның өтуіне өз үлесін қосып, тәжірибесімен бөлісті. Семинарда алма бұтағын қалай өсіріп, дамыту және сақтау теxнологиясы бойынша мәліметтерді Мәншік Абдықанова таныстырып өтті. Семинар алма бағын аралаумен жалғасты.