Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып Нұрсұлтан Рақышев тағайындалды, деп хабарлады Алматы прокуратурасының ресми сайтынан.
«ҚР Бас прокуратурасының 2019 жылғы 15 сәуірдегі бұйрығымен Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып Нұрсұлтан Рақышев тағайындалды», — делінген хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Рақышев 2017 жылдың шілдесінен бастап РФ-дағы ҚР бас прокуратурасының өкілі қызметін атқарған.
«Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бөлімінің прокуроры, басқарманың бас прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысындағы түзету мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор, Алматы қ. Наурызбай ауданының прокуроры және мамандандырылған табиғатты қорғау проуратурасының прокуроры болып қызмет еткен», — делінген хабарда.
Сондай-ақ бас прокурордың бұйрығымен Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры болып Асхат Жақыпов тағайындалды.
Бұған дейін ол 2018 жылдан бастап Алматы прокуратура басқармасының басшысы болып істеген.
«Еңбек жолын Жақыпов 1999 жылы Алматы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Медеу, Жетісу аудандары прокурорларының көмекшісі және аға көмекшісі, Алматы қ. прокуратура басқармасының прокуроры, Медеу және Түрксіб аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қ. прокуратура басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет еткен», — делінген хабарда.