Қарағанды, Жезқазған мен Теміртауда бірқатар көшенің атауы өзгертілді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан.
«Теміртау қаласында осыған дейін атауы болмаған, ҚР Тұңғыш Президенті Тарихи-мәдени орталығының жанында орналасқан алаңдар мен гүл бақтарына атау берілді. Металлургтер қаласында, сондай-ақ Қарағанды және Жезқазғанда да көше атаулары өзгертілді.
14 ақпан, бейсенбіде өткен XXII кезектен тыс сессия барысында Қарағанды облысы мәслихатының депутаттары атау өзгертулерін өз шешімдерімен заңдастырды», — делінген хабарда.
Сонымен Қарағандыда 16 көшенің атауы өзгертілді: 3-ші қазандық — Ардақ көшесіне, Батарейная — Қайнар көшесіне, Болотная — Бірлік көшесіне, Коминтерна — Ынтымақ көшесіне, Мануфактурная — Аққайын көшесіне, Пионерская — Саялы көшесіне, Рабкоровская — Серпін көшесіне, Совхозная — Өркен көшесіне, Социалистическая — Арман көшесіне, Торпедная — Арай көшесіне, Насыпная — Жағалау көшесіне, Отвальная — Талды көшесіне, Паровозная — Береке көшесіне, Портовская — Саяхат көшесіне, Пикетная — Самал көшесіне, Пахотная — Тұмар көшесіне.
Теміртауда 5 көшенің атауы өзгертілді: Қарағанды шоссесі – Қарағанды, Нижняя көшесі — Жұмабек Тәшенов, Степан Разин – Сарыарқа, Пионерская — Евгения Брусиловского, Советская – Ынтымақ.
«Қаланың орталығында орналасқан атауы жоқ алаң мен гүл бағы Астана және Бірлік деп аталды», — делінген хабарда.
Сондай-ақ, Жезқазған қаласында 14 көше мен 4 тұйық көшенің атаулары ауыстырылды: Первомайская – Көктем, Аварийная – Дауылпаз, Кирзаводская – Сарыжайлау, Новопролётная – Шұғыла, Геологическая – Ынтымақ, Аномальная – Балбырауын, Геофизическая – Темірқазық, Искателей – Ақдала,Орбитальная – Қайнар, Первооткрывателей – Шамшырақ, Поисковая – Шалқар, Энтузиастов – Ырыс, Жезказганская – Достық, Балхашская – Қаражар, Совхозный тұйық көшесі – Наурыз, Целинный тұйық көшесі – Керуен, Тихий тұйық көшесі – Бірлік, Рабочий тұйық көшесі – Шапағат.
«Металлургтер алаңына Қаныш Сәтбаев алаңы атауы берілді», — делінген хабарда.