«Мейірімділік — жан шуағы». Осындай атаумен ерекше балаларға наурыз мерекесі өткізілді. Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, бүлдіршіндерге білім беруде елеулі еңбек сіңірген ұстаздарға алғыс хаттар табыстады.
Шара наурыз мерекесіне орай өтті. Басты мақсат балаларға көңіл-күй сыйлаумен қатар, өкіметтік емес ұйымдарды бірлестіріп, коолиция ұйымдастыру болды. Жалпы жиында туа сала тағдыр тауқыметін тартқан жеткіншектерден іріктеліп алынған өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән шырқаса, енді бірі би билеп көпшілікті тәнті етті.
Мерекеге орай кәсіпкерлер тарапынан балаларға арнайы сыйлықтар да дайындалған. Ал, осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шарада үздік деп танылғандар «Жұлдыз-ай» республикалық байқауына жолдама алады.