Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шәріпбек Жамалбекұлы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы — «Парасат» орденімен наградталды.
Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан облысытық «Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті
Еңбек жолын 1966 жылы Алғабас ауданы, Боралдай орта мектебінің лаборанты болып бастаған.Ал 1972 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген соң, Алғабас аудандық тұтынушылар одағы жоспарлау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. Мұнан соң, Алғабас аудандық тұтынушылар одағы жоспарлау бөлімінің бастығы, Алғабас аудандық тұтынушылар одағы басқарма бастығының бірінші орынбасары, Алғабас ауданы Жамбыл совхозы жұмысшылар кооперациясы басқармасының төрағасы, Алғабас аудандық тұтынушылар одағы басқарма төрағасы, Жетісай аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, Шымкент облыстық тұтынушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарады. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркітан облыстық мәслихатының депутаты Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан облысы «Азаматтық альянс» қауымдастығының президенті лауазымында.
Еселі еңбектері үшін «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдары, В.И.Лениннің 100 жылдығы медалі, «Астанаға 10 жыл» медалі, 3 дәрежелі «Атамекен» медалі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалі, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарының ие болып, Түркістан облысының, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды.