ҚР-ға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бойынша 2018 жылға арналған жоспар белгілі болды, делінген үкімет қаулысының жобасында.
«Белгіленсін: 1) 2019 жылы 2 103 адам көлемінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы; 2) 2019 жылға 7 771 адам көлемінде қоныс аударушылардың өңірлік квотасы. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылдың 1 тамызы мен 2020 жылдың 1 ақпанына ҚР үкіметіне осы қаулының орындалғаны туралы есеп тапсырсын», — делінген құжатта.
Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова түсінік хатында нақтылағандай,жобаны 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында қарастырылған ақшалай қаражат аясында қаржыландыру жоспарлануда.
«Жобаның нақты мақсаты ҚР үкіметі айқындаған өңірлерге оралмандар мен қоныс аударушыларды оңтайлы орналастыру болып табылады», — деп түсіндірді Ж.Әбілқасымова.
Қаулы жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
ҚазТАГ