с 03

Қара алтынның отанына қоныстанғандар…

Қазақстанда теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен әлемге танымал болып отырған қала — Екібастұз.

е 04

Кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы болған шаһарда қара алтын өндіріліп жатыр. Әлемдегі ең биік мұржа да дәл осы Екібастұзда. Жүз елу мыңға жуық тұрғыны бар аймақты түлетіп жатқандардың қатарында Түленовтер отбасы бар.

е 02

Биыл сол шаңыраққа 21 жастағы Маржан келін болып түскен.

е 05 е она

Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тумасы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің түлегі. Мамандығы бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Екібастұз қалалық білім бөлімінде қызметін атқарып жатыр. Ішкі көші-қон саясаты аясындағы бағдарламаға тіркеліп, мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндікті пайдаланып отыр.

е 01Жас жанұяға үбірлі-шүбірлі болуды тілеп, осындағы өзге де түркістандықтармен жүздесуге жол тарттық.

квартира

Елімізде электр қуатын өндіріп отырған «Екібастұз МАЭС -2» станциясы ең алып кәсіпорындар қатарында. Ол Екібастұз қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Солнечный кентінде орналасқан. 1500-дей жұмысшысы бар мекемеде Түркістан облысының тумасы жұмыс істеп жатыр.

с 03

Арыс қаласынан келген Асқарбек Мұxамедов дәнекерлеуші (сварщик). Тоғыз жолдың торабынан Павлодар облысына қоныс аударған Асқарбектің бұл ісі  — нағыз ерлік.

с 04Өйткені жұбайы мен үш баласын оңтүстіктен солтүстікке бір мезетте көшіру екінің бірінің қолынан келмес.

с 05Осындай ерлікке барған жерлесіміздің шаңырағына барып, отбасылық жағдайымен таныстық. Көп қабатты тұрғын үйден пәтер жалдап отырған жанұяның жарқылдаған ақ көңілдері мен кең пейілдеріне таңырқайсыз. Түркістаннан барған біздерді қуана қарсы алып, асыға күткендігін айтты.

солнеч 02

Шаттыққа толы шаңырақтың табалдырығын аттағанда, бізді жұбайы Алтынай Маxанбет жарқын жүзімен күтіп алды. 23 жастағы ана екі қыз, бір ұлымен үйде отырып, оларға күтім жасауда. Бірі — үйдің егесі, бірі — шегесі болып отырған жанұяда Айсұлтан, Рабиға, Сафия есімді балапандар өсіп жатыр.

солнеч 01 Мөлдіреген қаракөз бүлдіршіндерді бағып-қағып отырған Асқарбек Меңғалиұлына өңірді ажарландыруға қарқын берсін деген ниетпен «Ажарлы азамат» кітабын тарту еттік. Түркістан облыстық мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш Арыстың тумасымен суретке түсіп, арқасын қақты.

с 06Қоныс аударған азаматтың көңілі көтеріліп, бір марқайып қалды.

Бағлан Байкөбекқызы,

Тоғжан Нарбай




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!