Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ЖОҒАРЫ СҰРЫПТЫ МАҚТА ЕГІЛЕТІН БОЛДЫ
    Агро

    ЖОҒАРЫ СҰРЫПТЫ МАҚТА ЕГІЛЕТІН БОЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.04.2024264 Views

    Оңтүстік Қазақстанға күн сәулесі көбірек түсетіндіктен ақ мақтаның негізгі отаны болып саналады. Түркістан облысы еліміздегі мақта егетін жалғыз аймақ болғандықтан, Ордабасы, Мақтаарал,  Сарыағаш, Отырар секілді аудандарда өседі. Соның ішінде отандық мақта өндірушілердің жарқын мысалдарының бірі Ордабасы ауданы Төрткөл ауылын­дағы «Рамазан-Агро» кәсіпорны. Бүгінде бұл кәсіпорынның зауыты елімізді мақта талшығымен қамтамасыз етіп, өз өнімін шетелге де экспорттап келеді. Ал, егістік алқабында қай елдің тұқымы өсіріледі? Ауыл шаруашылық техникаларының жай-күйі қандай? Фермерлерге ұтымды қандай лизингтер  қарастырылған? Осы және өзге де сұрақтың жауабын әріптесім Аружан Маттай біліп қайтты.

    Түркістан облысы Қазақстандағы мақта егетін жалғыз аймақ. Дей тұра, отандық шикізат Латвия, Молдова, Ресей, Беларус елдеріне экспортталады. Отандық мақта өндірушілердің жарқын мысалдарының бірі — Төрткөл ауылындағы Рамазан Агро жауапкергілігі шектеулі серіктестігі. Оның иелігінде ауданы 723 гектардан асатын алқаптар және алынған шикізаттың құнын дайын өнім түрінде бірнеше есе арттыруға және көктемгі егіс жұмыстарынан бастап шитті мақтаны өңдеу аяқталғанға дейін жыл бойы үздіксіз өндірістік процесті қолдауға мүмкіндік беретін жеке мақта өңдеу зауыты бар. Зауыт ұжымы шағын шаруа қожалықтарына да мақта егуге, терісіп жи­насуға көмектеседі. Жыл сайын бірнеше мыңдаған шаруа қожалықтарына егіс науқанында қаражат пен техникадан да жәрдем беріп, егетін шитті тұқымына дейін дайындап береді. Өңірдегі мақта өндіруші ірі шаруашылықтардың бестігіне кіреді. Мақта шығымының жақсы болуына түріктің элиталық тұқымы әсер етеді екен. Себебі фермердің айтуынша біздің өнім 60 центнербен берсе Түркияның асыл тұқымды мақта шиті 70-80 центнерге дейін өнім бере алады екен. Директор Мейірхан Батырбектің айтуынша мақта теріміне «Қазагроқаржы» Акционерлік Қоғамның қаржыландыруымен алған 15 мақта теретін комбайнын лизинге алып, өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Техниканың 6-7%-ын өтеп, қалғанын мемлекет қаржыландырып отырады екен.

    Лизинг — бұл қандай да бір мүлікті қолайлы әрі пайыздары жеңіл шарттармен ұзақ уақыт бойы жалдау. Ондай мүлікке құрал-жабдық, тауарлар, жылжымайтын мүлік және автокөлік жатады. Соған орай, «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік Қоғамы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңа лизинг бағдарламасын жүзеге асырмақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.