FB_IMG_1536852705386

ШЕТЕЛДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОТЫРАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Дания Ақпанбет және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Отырар ауданына келді. Өркениет пен мәдениеттің ордасы саналатын Отырар жұртшылығы шетелдік қонақтарды қазақы дәстүрмен қарсы алды.

FB_IMG_1536852712081
Түркістан облысындағы тарихи-киелі жерлермен танысып, туристік нысандардың дамуын насихаттау мақсатында қолға алынған сапар барысында аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлының бастауымен Ұлыбританиялық «The Calvert Journal» журналынан Надя Бирд (Nadia Beard), «Saga Magazine» журналынан Шэрон Елизабет Эмос (Sharon  Elizabeth Amos), индонезиялық Indonesia Tatler газетінен Ливиани Синтьяна (Liviani Cinthyana), италиялық AGIR агенттігінен Куиндалина Фиаменнеги (Guendalina Fiammenghi), қытайлық «Global Times» Лили Жан Ю (Lilly Zhang Yu), кореялық «International Policy Digest» агенттігінен Джон Лиман(John Lyman), польшалық «Turystyka.rp.pl» ақпарат агенттігінен Анна Клоссовка (Anna Kłossowska), франциялық «Agora Voxlemédiacitoyen» медиа арнасынан Паулин Гавриловтар (Pauline Gavrilov) Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін аралап, өлке тарихына қанықты.

IMG-20180913-WA0150
Мәртебелі меймандарға Арыстанбаб кесенесінің архитектуралық пішіні де ұнап, тарихы да қызықтырды. Музей қызметкері Нұрсейіт Әмзе Отырардың шынайы тарихы мен Арыстанбаб туралы аңыздарға тоқталып, ағылшын тілінде түсіндіріп өтті.

IMG-20180913-WA0146

IMG-20180913-WA0145

Мұнан соң құрметті қонақтар ұлттық тағамдар қойылған дастарханнан дәм татып, отырарлық өнерпаздардың ән-жырына сусындады.
Қонақтар жолға аттанар алдында аудан басшысы үш тілде жарық көрген «Отырар жәдігерлерлері» кітабын сыйға тартты.

IMG-20180913-WA0140
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген «Қасиетті Қазақстан» жобасына енген Арыстанбаб кесенесі мен тарихы терең Отырартөбе  қалажұрты елдің назарында. Мемлекет басшысы шикізатқа тәуелділіктен арылып, ел бюджетін туризм арқылы толтыру мақсатында туризм кластерін дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

IMG-20180913-WA0139

Осыған орай Отырар ауданының әкімдігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, жоғарыда аталған екі нысанның айналасын абаттандыруды қолға алып, жұмысты бастап та кетті. Ауқымды жоба туристерге қолайлы жағдай тудырып, аудан бюджетін толықтыра түсуге қызмет етеді.

Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!