2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өткізілген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Бұдан әрі-Агенттік) брифингінде Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.К. Тюлебаев 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілгендігін мәлімдеді.
Барлық тексерістердің 70% азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілгендігін атап өту керек-деді департамент директоры Р.К. Тюлебаев.
Өтініштердің көптеп келіп түсуі халықтың Агенттіктің қызметіне деген сенімділігін артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл халықтың бұзушылықтарға деген төзбеушіліктің көрінісі деп білеміз.
Жалпы, тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының 8000-ға жуық (7956) бұзушылықтары анықталды (2017 жылдың 8 айында 9546), оның ішінде:
Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібі бойынша — 868;
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша – 662;
Үстеме жұмыс жасағаны үшін өтем ақы төлеу бойынша – 569 ;
Үемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі бойынша – 562;
Әдеп нормаларының бұзушылықтары – 417.
Есептік кезеңде тексеру нәтижелері бойынша заңнама бұзушылығымен қабылданған шешімдердің күшін жою мақсатында мемлекеттік органдарға 396 ұсыныстар енгізіліп, оның 361-і (91,1%) орындалған, оның ішінде заңсыз қабылданған 33 актінің және мемлекеттік органдардың 22 шешімінің күші жойылды. 216 арызданушылардың құқықтары қалпына келтірілді (58,6%).
Сонымен қатар Равиль Қуанышбайұлы Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 419 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын айтты.
Дайындаған:Айдар Дидар