IMG-20180908-WA0031

Түркістан облысында «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ — 2018» акциясы өтіп жатыр

Бүгін Түркістан қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ — 2018» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырылған шараның мақсаты еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту аясындағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы және «Денсаулық Фестивалі» Ұлттық бағдарламасын іске асыру.

IMG-20180908-WA0016

IMG-20180908-WA0024

Сондай-ақ, қоғамның назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Кең ауқымда өтіп жатқан  акция Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың 8 қыркүйегінде бір мезетте таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың  жаны сау»  ұранымен  таңғы  жаттығумен  басталды.

 

IMG-20180908-WA0022

Облыс  орталығы Түркістан  қаласында  «Рәміздер»  алаңынан таңғы  жаттығумен бастау алған шара, сағат 09.00-ден  «Есімхан» алаңына  дейін    жаяу жүру  марафонымен жалғасын тапты.

IMG-20180908-WA0028

IMG-20180908-WA0027

IMG-20180908-WA0024

Облыс  орталығы, Түркістан қаласындағы орта білім беретін мектептердің қатысуымен «Пайдалы  тағамдар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар өз қолымен дайындалған, өнімдердің пайдалы қасиеттерін дәріптейтін композициялары орналастырылып, тұрғындардың назарына фармкомпаниялар да өз өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар, спорт  түрлерінен түрлі көріністер мен  турнирлер де ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

IMG-20180908-WA0018

«Медициналық  қалашықтың» жұмысы  барысында  облыс  орталығының тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерге қаралып, «денсаулық сандарын» (қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ деңгейі және т.б.) анықтау үшін  экспресс-анализдер тапсырып, салауатты өмір салты ұстанымын қалыптастыру бойынша кеңестер алды.

Бүгінгі өтіп жатқан Денсаулық Фестивалі облыс тұрғындарының салауатты және белсенді өмір салтын қалыптастыруға зор ықпалын тигізді.

«Айғақ-ақпарат»




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!