т2

Түркістанда Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдығы тойланды

Биыл ТҮРКСОЙ ұйымының құрылғанына 25 жыл. Аталған Халықаралық ұйымға Түркі әлеміндегі 14 мемлекет мүше болса, Тәуелсіз Қазақстанымыз соның бел ортасынан ойып тұрып орын алған. Осы орайда Түркі тілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптейтін ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған айтулы шара киелі Түркістан қаласында ұйымдастырылды.

т3

 

Яғни мұнда Халықаралық Түркі әлемі гуманитарлық ғылымдар конгресі өтіп, ұйымға мүше елдердің бір топ ғалымдары мен профессорлары баяндама жасады. Айта кетерлігі келелі басқосу барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев  Халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды.т6

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы Туркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан  және Түркіменстан елдерінің бастамасымен 1993 жылы құрылған болатын. Сондықтан бұл елдер ұйымды құрушы мемлекеттер болып есептеледі. Сәл кейінірек ұжымдық шартқа бақылаушы ел ретінде Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кипр, Хакасия және Тыва елдері  қосылды. Міне содан бері Түркі тілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптеумен қатар бірлік пен тұрақтылықтың мызғымас іргетасына айналған бірегей ұйымның құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр.  Осы бір айтулы датаға орай ұйымдастырылған шара киелі Түркістан қаласында Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің   мәдениет орталығында өтті. Ал басқосуда алғаш болып сөз алған облыс әкімі Ж. Түймебаев жиылған қауымды халықаралық түркі әлемі гуманитарлық ғылымдар конгресі аясындағы «ТҮРКСОЙ дың құрылғанына 25 жыл» секциясының ашылуымен құттықтады.

т5

т9

ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асырып, түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сына айналды.  Сондықтан бұл ұйым алдағы уақытта да түрлі қалаларды Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялай отырып, туысқан халықтар арасындағы  байланыстарды одан әрі тереңдете түсері шүбәсіз. Түбі бір түркі түгел болса, біздің алар асуларымыз бен бағындырар биіктеріміз көп болмақ!» осылай деген  Ж. Қансейітұлы жиын барысында ТҮРКСОЙ- ұйымының  бас хатшысы  Дүйсен Қасейіновті арнайы құттықтап иығына шапан жапты.  Айта кету керек Дүйсен Қорабайұлы ұйымға басшылық еткен уақыт ішінде көп шаруалар атқарылып ТҮРКСОЙ  түркі бірлігін нығайтатын ірі құрылымға айналды.

т4

т1

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымына  Түркі әлеміндегі 14 мемлекет мүше болса, Тәуелсіз Қазақстанымыз соның бел ортасынан ойып тұрып орын алған. Осы орайда жиын барысында Қ.А Яссауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төрағасы Муса Йылдыз, Қ.А Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры Болатбек Әбдірасилов сынды ғалымдар  ұйымның  маңыздылығы  хақында баяндама жасады.

т7

Айта кетерлігі салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды.  Сонымен қатар Түркістан облысының әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара Осылайша өрбіген  Халықаралық Түркі әлемі гуманитарлық ғылымдар конгресініің соңы концерттік бағдарламалармен қорытындыланды.

Абай Омар

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!