Зарина ушем

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді сәбилерін Шымкент қаласындағы №1 перинаталдық орталықта босанған. Туылған нәрестелердің денсаулығы дәрігерлердің қадағалауында.

23 жасар Аяжан Төленді  үшем босанатынын 12 апталық жүктілігінде  білген. Жас ана  үш баласын қыркүйектің 3 күні кесар тілігі тәсілімен 7 ай мерзімінде босанған. Дәрігердің айтуынша, 28 аптада, айы-күні толмай туылған сәбилердің салмағы 2300 грамм,1900 грамм және 2100 граммнан. Қазіргі таңда үшемдер мен ананың денсаулығы жақсы. Бірден көп балалы әке мен ана атанған отбасының қуанышында шек жоқ.

Енді үшемдерді үйлерінде үш ағасы күтуде, яғни бұған дейін  Аяжанның 4,3 және 1,5 жастағы ұлдары бар. Осылайша, үшемдермен толыққан жанұя, тіпті сәбилерінің есімдерін қойып та үлгеріпті. Ұлына Төрәлі, қыздарына Фатима, Зәуре деген есім берген. Көп балалы  ата-ананың айтуынша, үшемнің есімдерін біраз уақыттан бері таңдап келген.

Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10  жылда елімізде 80-ге жуық отбасында үшемдер дүниеге келген.  Ал, Түркістан облысында  7-13 үшем дүние есігін ашқан екен. Осылайша, еліміздің  демографиясына үлес қосқандардың қатарын келестік Аяжан Төленді толықтырды.

Зарина ҚАЛИЕВА




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!