Бала құқықтары жөніндегі уәкілеттінің функциялары мен міндеттеріне арналған пресс-конференция барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Ведомство вице-министрінің айтуынша, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 84 мыңға жеткен.
«Қазір елімізде 84 мың мүмкіндігі шектеулі бар. Олардың әрқайсысына түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал әлеуметтік қолдау бағдарламасының өзі бірнеше деңгейден тұрады. Мемлекеттік деңгейде баланың өзіне мүгедектігі үшін, ата-анасына 16 жасқа дейін балаға күтім жасағаны үшін жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар, егер балаға техникалық жабдықтар қажет болса, онда оларға мемлекеттік бюджеттен бұл жабдықтар толық тегін алып беріледі», — деді вице-министр.