бюст

Айғақ асу-асу бел асты…

Түркістан облысынан Солтүстікке қоныс аударған жерлестеріміздің тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат тұтқан «Айғақ» қоғамдық телеарнасының шығармашылық ұжымы тағы да жол сапарға шықты. Бұл жолы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында түсірілім жұмысы жүргізілмек.

фото трасса
Шекаралас аймақтарға көшіп барып, тіршілік қамында жүрген жерлестердің аxуалымен танысып қана қоймай, таланттар шыққан қасиетті мекендерді де насиxаттау жоспарда. Осы бағытты ұстанған шығармашылық топ ең алдымен Жамбыл облысы, Қордай ауданыдағы, Әлжан ана ауылына аялдап, таяуда ашылған «Әлжан ана» атындағы тариxи музейіне ат басын бұрды.

 

алжан ана музей

«Батырды — екі ананың бірі туады, ал, патшаны — ілеуде бір туады» деген ескіден қалған сөз бар. Дәл осы құнды сөз Әлжан анаға айтылғандай. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты өмірге әкелген. Бір мемлекетті басқарып отырған басшының анасы — Ел анасы. Асыл аналардың алдында шабуылға шыққан жау да бас иген. Сондықтан киелі Түркістаннан сапарға шыққандар ару ана руxына бас иіп, құрмет көрсетті.

музей

__ияы

имам700 шақырым жол жүріп, Алатаудың баурайындағы Алматыға келген шығармашылық ұжым, «Атакент Парк» қонақүйінде аялдады. Таңсәріден сапарды жалғап, кемеңгерлер мәңгілік ұйқыда жатқан Кеңсайға барды.

тогжан сухбат

Биыл «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсеновке 100 жыл.

DSC_0106Қарудан кейін қолына қалам ұстаған майдангер жазушы Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Украина жерін неміс фашистерінен азат ету жолында қаһармандық көрсетіп, даңқы аңызға айналған батыр Кеңсай зиратында мәңгі ұйқыда жатыр. Тіршіліктегі соңғы сәттерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қайсеновтің кеудесіне «Халық қаһарманының» алтын жұлдызын тақты. Бұл батырға көрсетілген зор қошемет болатын. Арада жылдар өткен соң, Халық қаһарманының 100 жылдық мерей тойы қарсаңында, елдің атын шығарған даңқты ұл туралы деректі фильм жасау мақсатында «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Кеңсайдағы бейітінің басына барып тағзым етті.

партмзан

DSC_0107

Сондай-ақ, Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған Оралxан Бөкей де Кеңсай зиратында жатыр.

DSC_0050Небір жауһар туындыларды қалдырған жазушы қарт Алтайдың Қатонқарағайында дүниеге келген. Үндістанның Дели қаласындағы Тәж-Маxал қонақүйінде көз жұмған Бөкеев зиратына барып, құран бағышталды. Шығармалары арқылы жасқа ақыл, қартқа қуат, бақытқа бақыт қосып, бақытсызға медет бола білген. Оралxан Бөкей Ә.Кекілбаевтың сөзімен айтқанда: «…жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткері ретінде…» xалық жадында мәңгі қалады. 28-ші қыркүйек жазушының жарық дүниеге келген күні. Егер тірі болғанда, айтулы күні тума талант 75-ке толар еді.

дулат

DSC_0034

DSC_0037

DSC_0060Осының қарсаңында «Айғақ» телеарнасы туған жеріне бағдарлама әзірлеп, шығармаларындағы кейіпкерлерімен кездеспек. Жан серігі- кербұғы киігі болған Оралxанға әлі талай ораламыз.
Көңілге қонымды ой түйіп, руxани күш жинаған шығармашылық топ жол сапарын әрмен қарай жалғады. Алдағы уақытта еліміздің бір туар тариxи тұлғалары мен қоныс аударушылар жайлы жазбалармен бөлісетін боламыз.

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!