2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептердің құрылысына 135 млрд. теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Бұл қаражатқа 108 жаңа мектеп салынды. 3 жылдың ішінде ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 347 жаңа мектеп салынды. Яғни, 235 жаңа мектеп салу жоспарланғанымен, жоспар 147%-ға асыра орындалды.
Сондай-ақ, жеке мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі туды. Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 оқу жылында Қазақстанның 7024 мектебіне 3 млн. астам оқушы мектепке барады, оның ішінде 350 мыңы — бірінші сынып оқушылары. Жеке инвесторларға мектеп құрылысы бойынша инвестициялар қайтарылатын болады.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі