Алматыда Назарбаев даңғылын Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейінгі тротуарларды абаттандыру жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталуы керек.
«Алматы қаласы, Медеу және Алмалы аудандары Н.Назарбаев даңғылы (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін) бойындағы тұрғын үй-азаматтық нысандарын түрлендіру жобасын әзірлеу және құрылысы. Басталуы: 2018 жылдың 13 маусымы. Аяқталуы: 2018 жылдың 30 тамызы», — делінген Назарбаев даңғылы мен Мәметова көшесі бұрылысында орнатылған нысан құжатында.
Жобаға тапсырыс беруші «Алматы қаласының құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп көрсетілген.
Бұл ретте 9 тамызда ҚазТАГ Алматы әкімдігіне тротуарларды абаттандыру жұмыстарының аяқталу мерзімі және нысан паспорттарының болмау себептері туралы сұрақ жолдаған еді. Бірақ ҚР БАҚ туралы заңында қарастырылған үш күн мерзім ішінде жауап берілмеді. 10 тамызда ҚазТАГ тілшілері мен бірқатар БАҚ өкілдерін қала әкімі Б.Байбектің қатысуымен өткен қоғамдық кеңес отырысына кіргізбеді. 14 тамызда бірқатар БАҚ журналистері Алматы әкімі Бауыржан Байбекке қалалық әкімдіктің заңсыз әрекетіне қарсы ашық хат жолдады.