1-sport

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласының  әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен басқарма басшысы қызметіне Әлібек Нұртаев тағайындалды.

Анықтама:

Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін тәмамдаған.

Қызмет жолын ОҚО Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2013 жылдың мамырында ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық етті, онда ол жаңа тағайындалғанға дейін жұмыс істеді.

Әлібек Нұрбайұлы облыс спортының тізгінін ұстаған шақта ОҚО спортшылары айтулы спорттық сындарда жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін айта кеткен жөн.

2013 жылы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Оңтүстік Қазақстанды «Үздік өңір» деп таныды.

Қазақстан спартакиадасы, түрлі спорт түрлері бойынша әлем біріншіліктері,  Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары ел намысын абыроймен қорғай білді.

Ол бұған дейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған болатын. 37 жастағы Әлібек Нұрбайұлы «Құрмет» орденінің иегері, ҚР спорт шебері, ҚР енбегі сіңген жаттықтырушы. Жаңа басшының ұжымға қала әкімі аппаратының басшысы таныстырды және оның облыс спортына басшылық жасаған жылдардағы жетістігін атап өтті.

3-sport

4sport

Расында облыс спортын Әлібек Нұртаев басқарған  жылдары Азия ойындарында бір алтын,Рио олимпадасынан бір күміс, бір қола. Сондай-ақ Бүкіләлемдік Универсиададан екі алтын, бір күміс өңірге бұйырды.

2-sport

5sport

Жаңа қызметке тағайындалған Әлібек Нұртаев қалаға қарасты спорт мекемелерінің басшыларымен алғашқы жиынын өткізді. Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің спортшылары биік шыңдардан көріну үшін барша ұжымды бірлікте жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындықты күшейту де басты назарда болатынын жеткізді.

Жомарт Бегімбет




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!