Шымкент қаласы тағы бір заманауи үлгідегі балабақшамен толықты | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180810-wa0041

Шымкент қаласы тағы бір заманауи үлгідегі балабақшамен толықты

Шымкент қаласы тағы бір заманауи үлгідегі балабақшамен толықты. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік байланыс аясында салынған «Лилия» мектепке дейінгі бүлдіршіндер үйінде,   енді 100 бірдей бала алаңсыз тәрбие ала алады.

img-20180810-wa0040

Салтанатты түрде пайдалануға тапсырылған балабақшаның лентасын қала әкімінің орынбасары Данат Жумин  кесіп, ата –анамен бала қуанышын аңғарып қайтты.

img-20180810-wa0049

Миллионды қала статусына ие Шымкент қаласына  статистикалық мәлімет бойынша 50-ге жуық балабақша қажет. Өйткені, халықтың саны күн санап артып келеді, ал туу мен өсім жағынан Шымкент қаласы алдынғы қатарда. Сондықтан, тап мұндай балбақшалар қажетті дүние болып табылады.

img-20180810-wa0037

Салтанатты түрде ашылған 3 қабатты зәулім балабақша жаңаша үлгіде. Балалардың алаңсыз жүруіне мұнда барлық жағдай жасалып, үш бірдей тілде оқыту жүйесі қарастырылған. Ойын және жатын бөлмелері ерекше үлгіде жабдықталыпты.

img-20180810-wa0044

img-20180810-wa0038

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, «Ел боламын десең бесігінді түзе. Отанды сүюуге6 ата–анасын  сыйлауға, өз елін қадірлеуге баланы кішкентай кезінен бастап, дұрыс көңіл бөліп, баулу қажет. Кіші самал мөлтек ауданында орналасқан, «Лилия» балалақшасы, енді қалтықсыз ата-анамен балаға қызмет көрсетпек.

Ұлдархан УӘЛИХАНҚЫЗЫ

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!