ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ | "Айғақ" ақпараттық порталы
dsc_7214

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 04 тамыздағы №228 жеке құрам бұйрығына сәйкес Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Жунусов тағайындалды, бұрын департамент бастығының міндетін атқарған, деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

dsc_0727

Жаңа бастықты құттықтай отырып, Н. Дербисов келесіні атап өтті: «Нұрғали Сырлыбайұлы азаматтық қорғау органында 20 жылдан аса қызмет етіп келеді. Біз оны тәжірибелі және епті басшы ретінде танимыз. Департаменттегі моральді-психологиялық жағдай департаменттің әр қызметкерінің өзінің міндетін ойдағыдай орындауының негізі болып табылатындығын түсінуіміз қажет. Мен, Сізді тәжірибелі басшы ретінде барлық жүктелген міндеттерді орындайды деп санаймын».

Жунусов Нургали Сырлыбайұлы 1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында туылған. 1993 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін бітірген. Азаматтық қорғау полковнигі Жунусов Н.С. азаматтық қорғау органында 1993 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етеді. Қызмет кезінде өзін ұқыпты және кәсіби сауатты маман ретінде көрсетті. Жақсы ұйымдастырушылық қабілетке ие. Қызмет мәселелердің шешімінде батылдық пен табандылық таныта біледі, бағыныштыларды қойылған мәселелердің шешімін табуға бағыттай біледі.

ҚР ТЖМ І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!