«Ұлы бабалар ізімен…» жобасы Қарағанды жерінде жалғасуда | "Айғақ" ақпараттық порталы
07

«Ұлы бабалар ізімен…» жобасы Қарағанды жерінде жалғасуда

Павлодар қаласына жолға шыққан «Айғақ» арнасының шығармашылық тобы Жезқазған қаласында аялдаған болатын. Таң қылаң бере іс-сапарды жалғастырып, Қарағанды облысына қарасты Жаңарқа ауданына ат басын бұрды. Онда қазақ өнеріне үлкен үлес қосқан жазушы, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбектің бейітіне барып, руxына құран бағыштады.

akseleu

Әруақтан аттамайтын «Айғақ» арнасы бұл жолы да жол бойындағы таланттар мен айтулы тұлғаларды ұмыт қалдырмай, аялдап тоқтауда. Ақселеу Сейдімбек «Балталы Бағаналы ел аман бол», «Қазақтың күй өнері», «Тауға біткен жалбыз», «Қазақ әлемі» және «Мың бір маржан» сынды бірнеше ғылыми-танымдық еңбектердің авторы.

tarakt

«Көктегі күнге,
Жердегі еліме
Мейірімім қанбады» деп жырлаған Ақселеу Сейдімбек 67 жасында бұл жалғанмен мәңгілікке қоштасты.

08

Әлі елге берер руxани байлығы көп еді. Бірақ жалғанға мейірімі қанбаған Ақселеу 2009 жылдың қыркүйек айында көз жұмды.
Құран бағыштап, іс-сапарды жалғадық.

seydmbek

Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы жазушы, Алаш қайраткері Сәкен Сейфуллиннің, Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің туған жері.

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!