Қатонқарағайда парапланерлік спорттан ҚР Чемпионаты өтуде | "Айғақ" ақпараттық порталы
8

Қатонқарағайда парапланерлік спорттан ҚР Чемпионаты өтуде

Чемпионат 4 тамызға дейін жалғасады.

Катонқарағай ауданында парапланерлік спорт түрінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ашылу салтанаты 28 шілде күні басталған екен. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі қалаларынан 50 спортшы келіп, қатысуда.

Айта кетсек, бұл спорт түрінен жарыстың Катонқарағайда бірінші рет өтуі емес. 2010 жылы спортшыларАлтай-Нарын жотасына оқу-жаттығуға жиналған еді. Ал 2011 жылы Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Барнаул және Ташкенттен парапланеристтер «Үлкен Нарын Кубогі» үшін сайысқа түсті. Сол кездерден бері парапланерлік спорт бойынша жарыстар мұнда жыл сайын өткізіліп тұрады.

Чемпионат 4 тамызға дейін жалғасатын болады.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!