Шымкентте бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда | "Айғақ" ақпараттық порталы
30

Шымкентте бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда

Шымкент қаласында жасанды интеллекті бар бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда, деп хабарлады shymkent.gov.kz. Қазіргі таңда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте бейне-бақылау камераларының саны 479-ға дейін артып, интеллектуалды қиылыстар 21-ге дейін ұлғайтылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда қалалық әкімдік тарапынан әлеуетті жеткізушілермен нейрондық желілер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізілуде.

Жаңа оқу жылының басында қаладағы криминогендік ахуалы өзекті болып табылатын 30 аумақты қамтыған «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!