Бүгін аудан әкімі Ж.Бейсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті. Бұл іріленген Мақтарал ауданының соңғы сессиясы болатын.
Күн тәртібінде Жетісай және Мақтаарал аудандық мәслихаттары депутаттарының саны мен тізімін белгілеу және қала, кенттер мен ауылдық округтердің 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Осылайша барлық депутаттардың бірауыздан қолдауымен «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы №698 «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Жарлығына сәйкес, сайлаушылардың басым бөлігі кірген сайлау округтерінің шекаралары ескеріле отырып, алтыншы шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарының саны 15 және Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттарының саны 10 болып белгіленіп, шешім қабылданды.
Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодесінің 106-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №22-174-VI «Мақтарал ауданы бойынша қала, кенттер және ауылдық округтердің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, шешім қабылданды. Қабылданған шешімнің 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылатын болады.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі