Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасы бойынша түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы ретінде халықаралық байқаудың жеңімпазына 25 миллион теңге беріледі, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар Тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік Тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды (бұдан әрі – Конкурс).
Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы.Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.
Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн.теңгені құрайды, оның ішінде:
— 1 орын – 25,0 млн.теңге;
— 2 орын – 10,0 млн.теңге;
— 3 орын – 5,0 млн.теңге.
Конкурсты ұйымдастырушылар:Комиссия және Түркістан облысының әкімдігі
Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz
Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.
Тіркелу формасы ұсынылған немесе сілтеме арқылы онлайн өтіңіз: https://goo.gl/forms/Hgib4INFc0tAqIsH3
Конкурс шарттары, техникалық тапсырма және басқа да бастапқы материалдар қатысушыларға сәтті тіркелгеннен кейін 1 күн ішінде электронды мекенжайына жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысты сұрақтарды: konkurs@turkestangenplan.kz; astanagenplan@mail.ru
электронды мекенжайына жолдауға болады.