ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетістікке жету құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Ақорданың Instagram желісіндегі ресми аккаунтында хабарланды. Роликте Мемлекет басшысының сұхбатынан үзінді жарияланған.
«Ауылды үлкен өзен бөліп тұратын, біз сол жақта тұрдық. Ғажайып ерекшелігі – бұл Алатаудың етегі болатын. Мен таудың арасында дүниеге келдім. Күн сайын ұйқымнан оянғанда шыңды көретінмін. Қазақтар «шыңға қарап өскен бала шыңға ұмтылады» дейді. Бұл кездейсоқтық емес болар», – деді Елбасы
.
Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев балалық шағы, анасы туралы естеліктер айтып, бақыт дегенді қалай түсінетінін жариялаған болатын.