Оңтүстікте Астананың 20 жылдығына орай жаңа форматтағы жұмыспен қамту орталығы ашылды | "Айғақ" ақпараттық порталы
5

Оңтүстікте Астананың 20 жылдығына орай жаңа форматтағы жұмыспен қамту орталығы ашылды

Бүгін Шымкент қаласында Астананың 20 жылдығына орай жаңа форматтағы жұмыспен қамту орталығы ашылды, деп хабарлады олыс әкімнің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары үшін пайдалануға берілген орталық Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы шеңберінде жүзеге асып отыр. Айта кетерлігі, онда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет түрлерін бір терезе қағидасы» бойынша қызмет көрсету үшін бірнеше мекеме топтастырылған. Атап айтқанда, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімі, сондай-ақ Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы  ОҚО бойынша филиалы жұмыс істеуде.

Орталықтың жұмысымен танысуға барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев азаматтарға цифрлық форматта көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне қанық болды.  Ондағы қала тұрғындарымен тілдескен аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы аталған бағыттағы жұмыстарды тағы да жандандырып, xалықтың көңілінен шығатындай етіп қызмет көрсетуді тапсырды.

Айта кетерлігі, аталған орталықтың ерекшелігі — «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Шымкент қаласының жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген отбасылар, жазасын өтеген адамдар мен еңбекке қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік қолдауға бағытталған.

Бүгінде Халықты жұмыспен қамту орталығы толығымен цифрлық форматта жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Электронды анықтама, Өз-өзіне қызмет көрсету аймағы,  Call center және Цифрлы кабинет қызметтері бар.

Қазіргі таңда 2018 жылдың жылдық жоспарына сәйкес қала халқының 3000-нан астам азаматы тұрақты жұмыспен қамтылса, 1154 жас түлек жастар практикасына жолдама алған. Қоғамдық жұмыспен 900-ге жуық азамат қамтамасыз етіліп отыр.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!