181

Шымкентте «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы өтті

Шымқала халқының саны  миллионға жетті. Мерекені тойлау аптаның айшықты жаңалықтарының бірі. Бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір мегаполис қатарында Астана, енді міне бұл санды Шымкент толықтырды. Айтулы шара қала әкімінің бастамасымен «Миллионмен бірге жарқырайық!» тақырыбында флэш-мобқа ұласты. Салтанатты шараның ерекшелігі бір мезетте мыңдаған қалта шарларын жағу арқылы туған қаласына деген сүйіспеншілігін жеткізу көзделген.

Қаламызға көрік беретін орталықтың бірі Наурыз алаңына жиылған халықтың қарасы көп. Мұның барлығы туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын білдіруге келген қала тұрғындары мен қонақтар. Жастар жағы шырайлы шаһарымыздың республикалық маңызы бар қала атанғанын ерекше мақтанышпен жеткізді.

Бұл күні қала орталығындағы көше шамдары сөндірілді. Мамандардың айтуынша бір сәтке өшірілген электр шамы 1 миллион киловат электр энергиясын үнемдеуге септігін тигізеді. Кең көлемде ұйымдастырылған шара халқымыздың туған жеріне деген ықыласының бір көрінісі іспетті.

Мақсат ТОҚСАНБАЙ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!