kitap

Дулат Әбіш танымал журналиске ұлттық құндылықтар дәріптелеген кітапты сыйлады

Жалпы үш күнге созылған форум 60-тан астам елден 500-ден аса делегаттарды жинады. Әлемдік сарапшылар форумға оң пікірін білдіріп, орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы деген баға берді.  2002 жылдан бері Алматы мен Астана қалаларында өткен форумға танымал экономистер, журналистер мен Нобель сыйлығының иегерлері қатысты. Жылдар жылжып, дүние түрленді, форумды өткізу форматы да өзгерді. «Өзгермеген бір нәрсе болса, ол Еуразиялық Медиа Форумдағы еркін пікір алмасу мүмкіндігі» дейді форумның тұрақты қатысушылары. Бұл ретте форум өз миссиясын толығымен орындады деп айтуға негіз бар. Себебі,  Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелері осы форум алаңында талқыланды.

dariga

Форумның пленарлық мәжілістерінің сөзұстары міндетін 15 жыл бойы Риз Хан атқарып келеді. Ол журналистік қызметін атқарып жүрген кезінде АҚШ-тағы Al Jazeera International телеарнасында продюсер болды. Қазір Араб елдерінің бірінде жұмыс істейді.  Осы тұрғыда, ОҚО мәслихатының депутаты, «Айғақ» Телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш Риз Хан мырзаға және Сирия елінен келген беліглі саясаткер Басель Хадж Джасемге қазақтың салт-дәстүрі мен өнері, ұлттық құндылықтары дәріптелген педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Асма Қалыбекованың ағылшын тіліне аударылған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» кітабын және Еуразияның кіндігінде орналасқан, Түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласының иллюстрациялық энциклопедиясын сыйға тартты. Кітапты ұсынудағы басты мақсат — шетелдік аузы дуалы азаматтарының Қазақстан жайлы, қазақ халқы жайлы, одан қала берді Оңтүстік өлкесі жайлы жақынырақ таныстыру. Туризмін насихаттау.

 

kniga

Кітапта қазақ халық педагогикасы негізгі идеяларының теориялық және практикалық негіздері баяндалған. Ғасырлар бойы қаланған қазақтардың дүниетанымы баланың үлкенді сыйлап, тарихты құрметтеу, туған жерге деген махаббат сияқты патриотизм негіздеріне сүйенген. Бұл ақиқат қай ұлтқа болғанына қарамастан, барлығына пайдалы.

obse

Осы ретте, Дулат Назарбекұлының тек форум аясында ғана шектеліп қана қоймай, жиын барысында жан-жақтылық танытты. Яғни, кез-келген  туған жерін әлемге дәріптеуде аянбай еңбек етіп жүргендігінің бірден-бір айғағы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!