«Айғақ» телеарнасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қоғамдық Кеңестің мүшесі, Медиа Форумдағы оңтүстікқазақстандық делегацияның жетекшісі Дулат Әбіш Халықаралық форумның бастамасышы, әрі жобаның авторы Дариға Нұрсұлтанқызмен кездесіп, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, XV Еуразиялық Медиа Форум төрайымы Дариға Назарбаеваның форумнан жасаған мәлімдемелерін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
«Біздің айналамыздағы өзгерістерге келсек, бұл туралы айтатын нәрсе жетерлік. Ақпарат құралдары түбегейлі өзгерді. Ең алғаш рет 2002 жылы Алматыда бас қосқанда айфондар да, фейсбук те, инстаграм да, ватсап та болмаған. Бұл жаңа технологиялар біздің өмірімізге айналдырған 1-2 жылда еніп, ажырамас бөлігіне айналды. Пейджер деген сөз ұмытылды. Телефондарды тек көне фильмдерден көреміз. Теледидар жәшігі сұйық экранға айналды. Смартфон қазір қалтаға сыйып кететін компьютер», — деді ол.
Сондай-ақ, Дариға Назарбаева бұл өзгерістердің қазіргі ұрпақ өміріне қалай ықпал етіп жатқанын айтты.
«Біз бала кезімізде қуыршақпен қалай ойнадық. Тура солай қазіргі балалар девайстерден ажырамайды. Әлемдік медиатұтыну өзге кейіпке енді. Қазіргі цифрлық ұрпақ ақпараттар әлемін көз ілеспес жылдамдықпен меңгеріп келеді. Бұл ұрпақ дәстүрлі немесе балама ақпарат көздерін қатар пайдаланады. Олар ғаламтар мүмкіндігін қалыптағы жағдай етіп қабылдайды», — деді Д.Назарбаева.