dsc_0040

XV Еуразиялық Медиа Форум: Мобильді журналистика 2020 жылы БАҚ басты құралы болуы мүмкін

Мобильді журналистика 2020 жылы БАҚ басты құралы болуы мүмкін. Алматы қаласында өтіп жатқан ХV Еуразиялық Медиа Форумға алыс-жақын шетелдерден 600-ден аса делегат келген. Дүние жүзіне белгілі медиа сарапшылар, саясаткерлер, журналистер бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев оқып берді.

«В условиях меняющегося мира обострения геополитических противоречий и новых технологических возможностей средств массовых информаций способны стать как детонатором эскалации конфликтов, так фактором глобального сдерживания и предотвращения международной напряженности. Отсюда и высокая ответственность журналистики. Серьезным вызовом классической журналистике становится кризис доверия, когда аудитория все чаще предпочитает альтернативные источники информации в лице независимых блогеров и материалов социальных сетей. Только корректная и достоверная подача информации и верификация фейковых новостей могут обеспечить привлечение аудитории, укрепление авторитета СМИ как источника объективной информации. Для этого особенно важно развивать открытые каналы доступа информации и поддерживать открытый диалог, который является ключевым условием налаживания сотрудничества и решения всех возникающих проблем. Профессия журналиста должна оставаться воплощением служения обществу и высоких этических и моральных качеств».

Еуразиялық Медиа Форумның Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бүгінде ақпараттық технологияның дамыған дәуірінде блогерлер журналистермен бәсекелес болуға шықты дейді. Тіпті, видеохостинг арқылы қысқаметражды фильмдер жасайды. Әлем назарын аударды. Таланттарды танытса, жалған ақпарат тарататындардың да санын санын арттырды. Бұл — қазіргі кезде өзекті мәселе. Осыған мән беру керектігіне баса назар аударды.

dsc_0046

Айтып өтейік, Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы ретіндегі Еуразия Медиа Форумның басты миссиясы — сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, тіпті бүкіл әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік  мәдени мәселелерін талқылау.

 

dsc_0015Бұл ретте, форум ұйымдастырушылары Қазақстанның әлем алдындағы беделінің күн санап артып келе жатқандығын, форумның мұнда тиімді әрі заманауи құрал ретінде рөлін атап өтпекші. Форум өзінің  белсенді жұмысының арқасында  бүгінде жүние жүзі бойынша беделді медиа алаң атанған. Оның дәлелі ретінде 1500 айтулы БАҚ: Euronews6 CNN, BBS, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeere English,  Russia Today,  ИТАР-ТАСС, РИА «Новости», РБК, Первый канал, ИА «Джихан» т.б. қатысқандығы бола алады.

Ал, нақты биылғы форумның қатысушылары қатарында — мемлекеттік қайраткер, экс-премьер-министр,  Италия парламентінің сенаторы Маттео Ренци, БАҚ бостандығы бойынша ЕҚЫҰ «ОБСЕ» өкілі Артем Дизер, америкалық политехнолог, Барак Обама президенттігі компаниясының екеуінде де кеңесші болған Роджер Фиск, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саймон МакДжи, Грузияның экс білім министрі Хатия Деканоидзе бар.

Оңтүстік Қазақстан облысынан «Айғақ» телеарнасы Медиа Форумнан арнайы хабарды алдағы уақытта көрермен назарына ұсынатын болады. Сондай-ақ, күн сайын жаңалықтардан маңызды ақпараттарды жариялап отыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!