Елбасы жылдағы дәстүр бойынша Астана экономикалық форумына келген жаһанның жетекші сарапшыларымен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Басқосуда Президент әлемдік деңгейдегі мәселелерді қозғап, айтары бар тұлғалармен пікір алмасты. Өйткені әлем көз тіккен Астана экономикалық форумына қатысуға келген мәртебелі қонақтардың қай-қайсысы да өз саласының нағыз майталмандары. Бірі кезінде ел басқарып мемлекетті алға сүйрейтін реформаларды іске асырған. Енді бірі – құнды зерттеу еңбектерінің авторы, қаржы саласының білікті мамандары. Нұрсұлтан Назарбаев осындай беделді тұлғалармен тәжірибе алмаса келе, Қазақстан қолға алған индустрияландыру, цифрландыру бағдарламалары жайында да сөз қозғады.
Ал мәртебелі қонақтар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Эстонияны 10 жыл қатарынан басқарған Тоомас Ильвес өзі іске асырған цифрлық революция жайында ой бөлісті. Қажет болса, тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Ал Алан Вольф Қазақстан әлемдік сауда нарығында көшбасшы мемлекеттің бірі екенін атап өтті. Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк те еліміздің қарқынды дамып келе жатқандығына мән берді. Астана халықаралық қаржы орталығы әлемнің қаржы хабына айналуы мүмкін деді. Бұл ретте «DP World» компаниясының басқарма төрағасы Султан Ахмед бин Сулайем Ақтау теңіз порты бизнеске кең мүмкіндіктер ашқанын жеткізді. Осы орйада казір елімізбен бірлесіп, 4 бірдей жобаны іске асыру мәселесін қарап жатқанын да тілге тиек етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– В Европе есть Давосский форум, у нас — Астанинский экономический форум и на берегу Тихого океана — Боаоский азиатский форум. Они преследуют одну цель – поиск выхода из создавшегося положения. Мы хотим сотрудничать со всеми мировыми форумами и работать на благо государств и народов. Это – возможность для прогресса, продвижения и понимания. И каждый из вас несет большой вклад в работу нашего Астанинского форума. Казахстан – молодое государство, как вы знаете. Это в истории нашего народа впервые. Мы получили независимость и на плечи нашего поколение выпала большая ответственность – установить независимость этой страны, сделать ее известной. Здесь проходят многие мировые форумы. Знаете, когда мы стали независимым государством, у нас было 18 религиозных конфессий и 130 этносов. Все считали, что мы не сможем быть государством, что здесь будут столкновения, здесь будет война. Мы конституцией, законами и на деле обеспечили равенства всех. У нас мирные отношения со всеми нашими соседями. Как известно, мы живем между двумя гигантскими государствами, как Китай и Россия, с которыми мы имеем очень добрые отношения. У нас добрые отношения с Ираном, Саудовской Аравией, нашими южными соседями, и внутри есть стабильность и консенсус, взаимопонимание. Благодаря тому, что мы постоянно улучшаем жизнь наших людей. Но мы двигаемся вперед, потому что за годы независимости экономика выросла в 25 раз, ВВП на душу населения мы начинали с 600 долларов. Довели до 12 тысяч. Теперь вот благодаря накопленным средствам Национального фонда всё, что зарабатывали за счет нефти и газа, мы откладывали, и за эти деньги мы осуществляем инфраструктурную программу, индустриальную программу, программу образования и здравоохранения. И ваши советы, наши беседы для нас очень важны. Вы помогаете своим присутствием и проявлением уважения Казахстану, нашему форуму. Это уже само по себе большая помощь.
Тоомас Ильвес, Эстония Президенті (2006-2016 жж.):
– Үкімет пен жеке сектор цифрлық қызмет түрлерін дамыту үшін инвестиция құю керек. Алдымен халыққа ең қажетті деген қызмет түрлерінен бастау керек. Нәтижесінде сапалы қызметке қол жеткізуге мүмкіндік туындайды. Бірақ бұл тұста қауіпсіздікті сақтау маңызды. Өйткені мәліметтер базасына зақым келсе, барлығы құрдымға кетеді.
Алан Вулф, Дүниежүзілік сауда ұйымы бас директорының орынбасары:
– Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына кіргісі келетін көптеген мемлекет қиын жағдайға тап болды. Бұл ұйымға қосылу ЖІӨ-ні арттырып, аймақта бейбітшіліктің орнауына мүмкіндік береді. Бұл ретте сіздердің елдеріңіз өзге мемлекеттердің ұйымға кіруіне көмек қолын созуда. Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу бойынша келіссөздерді Алматыда өткізу жөнінде Қытайдың ұсыныс білдіруді де сондықтан.
Юрген Ригтеринк, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті:
– Астана – қарқынды дамып келе жатқан қала. Біз түрлі жобаларды іске асыруға қаражат құйдық. Қазақстан қажетті инфрақұрылым жасады. Өзінің қолайлы географиялық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Біз Қазір Астана халықаралық қаржы орталығымен жұмыс жасап, бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлап отырмыз.
Султан Ахмед бин Сулайем, «DP World» компаниясының басқарма төрағасы (БАӘ):
– Қазақстанның Ақтау теңіз порты қарқынды дамып келеді. Жыл сайын жөнелтілетін контейнерлердің саны артуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы аясында теміржол жүк тасымалы да ілгері дамуда. Мәселен, күн сайын Қазақстан арқылы Лондоннан Қытайға жүк тасымалдауға болады. Біз қазір сіздердің елдеріңізде іске асыратын 4 жобаны қарап жатырмыз.
Раджендра Кумар Пачаури, Нобель сыйлығының лауреаты (2007 ж):
– Қазір әлемде күрделі экологиялық мәселелер туындап жатыр. Климаттың өзгеруі – ғаламдық деңгейдегі күрделі түйткіл. Бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол – қоршаған ортаға зиянды газдың шығынын азайту. Бұл ретте баламалы қуат көздерін дамыту маңызды. Қазақстан EXPO көрмесі кезінде «болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алды. Енді осы тақырыпты дамытып, әлемге жарқын үлгі көрсете алады.