kanalizatsiya-2

Шымкентте жергілікті бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады

Шымкентте жергілікті бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 2 нысанның құрылысы жүруде. Тоғыс елдімекені мен Қайтпас-2 шағынауданындағы кәріз жүйелерін ретке келтіру жұмыстарынан кейін 5192 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 47,8%-ға жетпек.

Айта кетейік, шаһардағы жалғыз тазарту құрылғылары кешенінің қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды. Ал қала әкімі жауапты мамандарға барлық жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!