dsc_0075

Қоғамдық делегация құлдықтан қайраткерлікке көтерілген Бейбарс сұлтан мешітінде

Оңтүстікқазақстандық қоғамдық делегация Қырым сапарының сегізінші күнінде осындағы құлдықтан қайраткерлікке көтерілген Бейбарс сұлтанның кезінде салған мешітінде болды. Дегенмен, бүгінде мешіт орны үйінділерге айналған. Сұлтан Бейбарс әлем тарихында ойып тұрып орын алған тарихи тұлға. Бойындағы ерекше айбатының арқасында жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласынан тұтқынға түскен құлдардың арасында ерекше көзге түсіп құлдықтан сұлтандыққа дейін көтерілген.

img-20180510-wa0076

Суретте: Созақ ауданының Құрметті азаматы Жұмабек Жүнісұлы Бейбарс салдырған мешіт маңында

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Бейбарс сұлтан туралы «Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғолдардан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Бейбарс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім», деп айтып өткен.

img-20180510-wa0072

 

Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — «крест жорығы» мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді. 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарс таққа отырды.

Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша «жолсілтеме», Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.

img-20180510-wa0077

Суретте: Ескі Қырымның тұрғыны Эльми Ильясов Бейбарс сұлтан туралы тың деректермен бөлісуде

Бейбарс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан аз-Заһир Бейбарс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Соның бірі Қырым жеріндегі осы мешіт болатын. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны салдырған мешіттердің бірқатары сақталған. Өкінішке орай, Қырымдағы мешіт бүгінде үйіндіге айналған тарихи мекен ретінде қалып отыр.

img-20180510-wa0071

Қоғамдық делегация құрамында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, Елбасының курстасы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедов және Шардара ауданының Құрметті азаматы Жанзақ Алибековтер бар.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!